Қазақстан Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар береді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық порталы. Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, қосымша көмек тағы қарастырылады.
«Мемлекет басшысы Үкіметке жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасына шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды», — делінген хабарламада.
Сонымен қатар Қазақстанның өкілетті органдары түрік тарапымен бірлесіп, зілзаланың зардабын жою үшін қосымша көмек көрсету мәселесін қарастырып жатыр.