Тоқаев бүгін жаңа премьер-министрдің кандидатурасын ұсынады

Бүгін сағат 15:00-де президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысады, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.

 «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, депутаттардың келісімін алу үшін жаңа премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылады», — деп хабарлады Ақорда.

Айта кетсек, кеше мемлекет басшысы Үкіметтің орнынан түсуі туралы жарлыққа қол қойған еді. Ал премьер-министрдің міндетін уақытша атқару Роман Склярға жүктелді. Одан кейін бұрынғы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов қазақстандықтарға үндеу жасады.