Тоқаев боранда халыққа көмектескендерге алғыс айтып, наградаға ұсынды

Коллаж: ТЖМ/Сая Рысбай

Мемлекет басшысы боранда халыққа көмекке келген бірқатар қызметтердің өкілдеріне алғыс айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

«Жуырда еліміздің бірқатар өңірінде табиғат тосын мінез танытып, жағдай қиындаған кезде жергілікті атқарушы биліктің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медицина мамандары, коммуналдық қызмет пен автомобиль жолдарының жұмысын қамтамасыз ету саласының өкілдері, сондай-ақ басқа да азаматтар халықтың қамы үшін жанқиярлықпен еңбек етті» деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев олардың бәріне шын жүректен алғыс айтып, жылы лебізін білдірді.

Еңбегі ерен бір топ азамат мемлекеттік наградаға ұсынылды.