Тоқаев бірқатар елге жаңа елші тағайындады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі елде – Венгрия мен Албанияда жаңа елшілерді тағайындады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Тиісті қаулылар 2024 жылғы 16 шілдеде Ақорданың сайтында жарияланды.

  • Мемлекет басшысының Жарлығымен Абзал Сапарбекұлы Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.
  • Мемлекет басшысының басқа Жарлығымен Әбдірашов Жәнібек Жарасқанұлы Қазақстан Республикасының Венгриядағы Елшісі қызметінен босатылды.
  • Мемлекет басшысының Жарлығымен Искандер Жүсіпұлы Айсариев Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.
  • Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымынан босатылды.

Фото: Ақорда