Бүгін, 17 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары мен Германия канцлерінің екінші кездесуін өткізіп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today.
«Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Германияның Федералдық канцлері Олаф Шольцтің Тәуелсіздік сарайына келген сәті. Астана Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Германия Федералдық канцлерінің екінші кездесуін өткізуге дайын», — деп жазды Ақорда.
Ақорда таратқан ресми суретте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров, Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов, Германия канцлері Олаф Шольц, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон және Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев тұр.
Ақорда кездесудің күн тәртібін әлі жария еткен жоқ.