«Төртінші әйелі болдым»: Әуелбекова намазхан ер адамға алданып, одан бала тапқанын айтты (видео)

Әуелбекова өзінің төртінші әйелі екенін білгенде қатты қиналғанын айтады.

Эстрада әншісі, бір ұл мен бір қыздың анасы Мөлдір Әуелбекова намазхан ер адамның төртінші әйелі болып, ол некесінің де сәтсіз аяқталғанын айтты, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

Әуелбекова бір қызымен карантин уақытында күйзеліске түсіп кеткенін, сол кезде өзіне арқа сүйер азамат қажет болғанын айтады. Содан ортақ достары бір ер адаммен таныстырып, ол жайлы мақтауларды жаудырған екен.

«Бір апта сөйлескенсің  ғой телефонмен. Карантин ғой. Жабық қой  барлық жер. Сонымен қысқасын айтайыншы. Мен ол кісінің 4-әйелі болдым», – дейді ол.

Әуелбекова өзінің төртінші әйелі екенін білгенде қатты қиналғанын айтады. Бірақ ол кезде ұл баласына аяғы ауыр болыпты. Бірден шешім қабылдай алмаған.

«Екінші некем. Әке-шешемді ойладым. Қатты күйзеліске кірдім. Ішімде бала бар. Таза неке ғой енді шариғат бойынша», -дей бергенде «Мамский әңгіме» жүргізушісі «заңды неке болды ма?» деп сұрақ қойды.

Әуелбекова заңды неке қиылмағанын, Үйлеріне имам шақырып, имам неке қидырғанын жеткізді.

«Мен мұны неге айтам деп шештім? Себебі, жас қыздар, осыны тыңдап, сабақ алыңыздар. Бірінші тұрмысқа шақырған адамға жүгіріп кете салмаңыздар. Мен артыма қарасам, өте бақытсыз әйел болдым. Біз қол ұстаспай үйленген адамдармыз. Кіммен некелескенімді естіп, адамдар хабарласа бастады. Ол кісіні көп адам таниды екен. Әкем мен анамды, абыройымды ойлап жатырмын. Бірақ ол маңызды емес екен. Маңыздысы, өзіңнің ішкі тілегің екен. Ол жерде өте көп қиянат көрдім де, шешім қабылдадым. Олай өмір сүре алмаймын деп шештім», – деді Мөлдір Әуелбекова.