Тоқаевтың АЭС туралы пікірі көршілер елдердің саяси «сарапшыларына» ұнамай қалды

Егер референдум сәтті аяқталса, АЭС құрылысы халықаралық мердігерлер консорциумының қатысуымен жүзеге асырылатын болады. Ел Президентінің бұл ұсынысы кейбір көршілес елдердің өзін «барлық саладағы сарапшы» деп санайтын саяси сарапшыларына ұнамағаны белгілі.

Консорциум дегеніміз не?

Консорциум дегеніміз – АЭС құрылысын бір ғана компания немесе мемлекет емес, әртүрлі елдердің мердігерлері жүзеге асырады. Әр ел өзінің бірегей технологиясы мен тәжірибесін қосады.

Қазақстандағы АЭС құрылысын жүргізуге төрт компанияның шорт-тізімі белгілі:

  • CNNC (Қытай);
  • KHNP (Оңтүстік Корея);
  • Росатом (Ресей);
  • EDF (Франция).

Консорциумның артықшылықтары:

  1. Технологиялық тәуелсіздік. Жоба бірнеше елдің қатысуымен жүзеге асқанда, бір ғана технология немесе қызмет көрсетушіге тәуелділік төмендейді. Егер АЭС бір елдің технологиясына толықтай тәуелді болса, техникалық қолдау мен пайдалану кезінде геосаяси факторлар қиындық тудыруы мүмкін еді. Ал консорциум Қазақстанға қажетті жүйе элементтерін таңдауға және ауыстыруға мүмкіндік береді.
  2. Халықаралық қауіпсіздік стандарттарының сақталуы. АЭС құрылысы МАГАТЭ тарапынан қатаң бақылауға алынады. Ал жобаны бірнеше компания жүзеге асырғанда, бақылау одан әрі күшейе түседі, бұл технологиялық қателіктер мен апаттық жағдайлардың алдын алуға көмектеседі.
  3. Озық технологияларды қолдану. Әр ел консорциумға өздерінің мықты жақтарын және тәжірибелерін қосады, бұл Қазақстанға әлемнің ең үздік технологияларын таңдауға мүмкіндік береді. Осылайша, бір ғана технологияға емес, бірнеше сенімді және инновациялық шешімдерге қол жеткізіледі.
  4. Геосаяси өзгерістерге төзімділік. Қазіргі әлемде бір ғана жеткізушіге тәуелді болу осалдық тудыруы мүмкін, әсіресе, жаһандық геосаяси дағдарыстар кезінде. Консорциум Қазақстанды сыртқы саяси факторлардан тәуелсіз етеді, бұл жоба тоқтап қалмай, үздіксіз жүзеге асатынына кепілдік береді.

NRG_monitor: Егер референдум оң нәтижесін берсе, бұл керемет шешім болады, өйткені көптеген адамдар АЭС-ті қолдайды, бірақ белгілі бір мемлекетке немесе компанияға тәуелді болуды қаламайды. Консорциум құру Қазақстанды геосаяси тәуекелдерден қорғайды. Өзбекстанмен салыстыру орынсыз, себебі Қазақстан эксперименталды шағын реакторларды әлі қарастырып отырған жоқ, ал мұндай реакторлар Өзбекстанда алғаш рет құрлықта қолданылады (Ресейде тек мұзжарғыштарда ғана қолданылған). Сондықтан кейбір «ортаңқол сарапшыларға» өз пікірлерін өздерінде қалдырғаны жөн. Қазақстанда АЭС салу технологиялары мен тәсілдерін біз өзіміздің мүдделерімізге сай, тәуелсіз мемлекет ретінде қабылдаймыз.