Тоқаев Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін Ресейге барды (ВИДЕО)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Владимир Путиннің шақыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін Ресейге барды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазақстан Президенті бүгін Мәскеуде бірқатар шет мемлекет басшыларымен кездесу өткізеді.