Тоқаев жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтағы білім беру, мәдениет және спорт нысандарын аралап көреді. Сондай-ақ бірқатар кәсіпорынға барып, өңірде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалармен танысады.