Тоқаев жұмыс сапарымен Шымкентке барды (ВИДЕО)

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласына барды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Мемлекет басшысы жұмыс сапары барысында қаланың әлеуметтік-экономикалық даму тынысымен танысады.

Тоқаев жұмыс сапарымен Шымкентке барды

Сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент әуежайының жаңа терминалымен танысты.

Мемлекет басшысының қаланы дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында салынған әуе айлағының құрылысына жеке инвестор 24 миллиард теңге қаражат жұмсаған.

Президентке Қазақстанның оңтүстігінде бірегей авиациялық хаб қалыптастыру өңірдегі әуе қатынасының бағыт санын 17-ден 59-ға дейін ұлғайтуға, сондай-ақ Еуропа мен Азияның бірқатар еліне рейстер ашуға мүмкіндік беретіні жөнінде баяндалды.