Тоқаев Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысын тағайындады

Ақорда Дәурен Қосановтың Қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне тағайындалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

«Мемлекет басшысының өкімімен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары — Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — деп жазылған құжатта.