Тоқаев пен Макрон келіссөздерден кейін брифинг өткізді.
Фото: akorda.kz
Президент, ең алдымен, Эмманюэль Макронға мемлекеттік сапармен келуге шақырғаны үшін ризашылығын білдіріп, ерекше қонақжайлық көрсетіп жатқан француз халқына алғысын айтты.
Брифинг барысында президенттер мына мәселелер туралы айтты:
— тараптар барлық мәселелерді бейбіт және саяси-дипломатиялық жолмен шешу қажет деп санайды;
— One Water Summit форумына дайындық мәселелерін талқылады, форумда климаттың өзгеруі мен жасыл экономиканы талқыланады;
— Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Лотарингия университетінің филиалы ашылады. Сонымен қатар «Lumiere» қазақ-француз университеттік орталығын құруды қарастырылуда.
— Астана мен Алматыда қазақ-француз мектептері салынады;
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан мен Франция президенттері Елисей сарайының бағында бейресми әңгіме өткізіп, қазақ тазыларымен серуендегені туралы жазған едік.