Қасым-Жомарт Тоқаев өз өкімімен Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының тағы бір орынбасарын тағайындады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Енді Ғұмар Серғазин осы агенттіктің төрағасы Алмасадам Сәтқәлиевтің орынбасары лауазымына кіріседі.
«Мемлекет басшысының өкімімен Ғұмар Екпінұлы Серғазин Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды», — деп хабарлайды Ақорда.