Барлық әкімдерге сигнал: Тоқаев Қарағанды облысының әкіміне сөгіс берді

Фото: Ақорда 

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаевқа сөгіс жариялады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жылыту маусымына дайындық жұмыстарына тиісінше бақылау жасамағаны үшін Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаевқа сөгіс берді», — деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында.

71