Тоқаев АЭС-ті қай ел салады деген сұраққа қатысты пікір білдірді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атом электр станциясына қатысты референдумда дауыс берді. Содан кейін ол журналистермен сөйлесті.

Журналистер Тоқаевтан халық АЭС-ті қолдаған жағдайда оны қай ел салады деп сұрады. Президент Қазақстан үкіметі сараптама жүргізуі керек деп жауап берді.

«Бұл күрделі мәселе, бірақ менің бұл мәселеге қатысты менің жеке көзқарасым бойынша, ең озық технологиялары бар әлемдік компаниялардан тұратын халықаралық консорциум жұмыс істеуі керек. Әрі қарай уақыт көрсетеді», – деді ел басшысы.

Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев 6 қазандағы референдумды «айтулы уақиға» деп бағалаған еді.

197