«Тізерлетіп тастады»: Астанада апталдай жігіт көше тазалаушыға тиіскен

Фото: видеодан кадр

Оқиға Кенен Әзірбаев көшесінде болған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. 

Астана қаласының Полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Әлеуметтік желіде жүргізілген мониторинг барысында жүргізуші мен жұмысшы арасындағы жанжалдың бейнежазбасы анықталды. Полиция қызметкерлері төбелескендердің кім екенін анықтады. Осы дерек бойынша жұмысшыдан шара қолданбағаны туралы арыз түсті. Профилактикалық әңгіме жүргізілді», – делінген хабарламада.