TikTok-қа қатысты тергеу басталмақ

TikTok әлеуметтік желісіне қатысты жеке деректерді қорғау туралы ұлттық заңнаманы бұзды деген күдікке ілініп, Оңтүстік Корея реттеушісі оған қатысты аудит жүргізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Yonhap ақпарат агенттігі.

Дереккөздердің хабарлауынша, TikTok өз пайдаланушыларына Корея заңнамасына сәйкес мұндай мазмұнды алуға келісім берудің орнына автоматты түрде жарнамалар алуды талап етті деп айыпталған.

Оңтүстік Кореяның Байланыс комиссия ресми өкілінің хабарлауынша, TikTok деректерді қорғау туралы заңдарды бұзды деген күдікке ілінді, жақын арада платформаға қатысты тергеу амалдарын басталады.

Қытайлық ByteDance компаниясына тиесілі TikTok платформасы сондай-ақ платформада тіркелу кезінде пайдаланушыларға толық пайдалану шарттары мен құпиялылық саясатын ұсынбайды деп айып тағылып отыр.

Оңтүстік Кореяның қолданыстағы заңнамасына сәйкес платформалар пайдаланушыларға маркетингтік немесе жарнамалық мазмұнды алу-алмауын шешуге еркіндік беруі және мұндай мазмұнды жіберу үшін олардан алдын ала «нақты» келісімін алуы қажет.

Бұл заңды бұзғандарға 30 млн вонға (22 279 доллар) дейін айыппұл салынуы мүмкін.

Фото: Pixabay.com