«Тергеу аяқталды»: Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілмек

Даңқты спортшы, ҚР Паралмент Мәжілісінің депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Іс-құжаттары танысу сатысына өткен. Ол жуырда сотқа жіберілмек, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Жәбірленуші, зардап шегуші заңгерлер отбасы. Жағдайларды өзінің facebook әлеуметтік желісіне жазған Анна Чернова-Димитриевич осы іс бойынша жәбірленуші ретінде танылған. Чернова бүкіл Қазақстан халқына және ақпаратты ашық жариялаған журналистерге, әскери прокуратура қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери тергеушілер мен анықтаушыларға үшін алғыс білдірді.

«Істі кім нақты қадағалағаны белгісіз, бірақ мұндай қысқа мерзімде жүргізілген тергеу әрекеттерінің көлеміне қарағанда, күнделікті қадағаланғаны анық. Шынымды айтсам, «Ескі Қазақстанның» белгілері байқалды, бірақ тергеудің принциптілігінің арқасында тергеу аяқталды. Ісіміз әскери сотқа жіберіледі. Онда жағымсыз тосын сыйлар болмайды және бәрі заң аясында өтеді деп үміттенемін», — деп бөлісті Анна Димитриевич.

Бұған дейін ерлі-зайыпты заңгерлер Олег Чернов пен Анна Димитриевичті ұрып-соғу бойынша қозғалған қылмыстық іс халық назарын аударған болатын. Оқиға биылғы жылдың 10-11 ақпанға қараған түні Алматыда болған. Заңгерлерді көшеде таяқтап тастаған ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Дәулет Тұрлыхановтың ұлы, қатардағы жауынгер, 20 жастағы Нұрасыл Болат болып шықты. Тұрлыхановтың ұлы көшеде жас қызды шыңғыртып тұрып ұрып жатқан. Заңгерлер бойжеткенге араша түспекші болғанда, әскери жауынгер ерлі-зайыптыны да соққыға жыққан.