Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде үшінші орын) Берлиндегі турнирде күтпеген жерден 1/8 финалдық кезеңде ойынын аяқтады, деп хабарлайды Qazaq.today Sports.kz -ке сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисші 1/8 финалға қатысқаны үшін 11 500 доллар табыс тауып, 55 рейтингтік ұпайға ие болды.
Рыбакина чемпиондық атаққа басты үміткерлердің бірі саналғанымен, ол хорватиялық Донна Векичтен (23-орын) сенсациялық түрде жеңіліп қалды – 7:6, 3:6, 4:6. Бұған дейін Елена Рыбакина ресейлік теннисші Полина Кудерметованы (139-орын) 6:4, 6:2 есебімен ұтқан болатын.
Еске салайық, Уимблдон 2023 шілденің басында басталады – Рыбакина осы турнирдің қазіргі чемпионы.
Qazaq.today