Теңге 0,5%-ға нығайды

Қаңтар айында теңгенің долларға қатысты бағамы 460,52 теңгеге дейін 0,5%-ға нығайды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов айтты, деп хабарлайды Qazaq.today ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Бұл ретте Ұлттық Банк валюталық интервенциялар жүргізбеген.

«Биылғы қаңтар айында квазимемлекеттік сектор субъектілерінің 453 млн долларға валюталық түсімді сатуы және Ұлттық қордан республикалық бюджетке 228 млн доллар трансфертті қамтамасыз ету үшін валюта сатуы теңгеге айтарлықтай қолдау көрсетті», – деді Б. Шолпанқұлов Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Спикердің айтуынша, қысқа мерзімді перспективада теңге динамикасы геосаяси жағдайдың өзгеруіне, ішкі қатысушылардың күтулеріне және әлемдік нарықтардағы жағдайға байланысты болады.

«Ұлттық Банк дисбаланстардың жинақталуын болдырмайтын және алтын-валюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін икемді бағам белгілеу режимін ұстанады», – деді Ұлттық банк өкілі.

 

Qazaq.today