Төтенше жағдай министрлігі Теміртауда алты жасар бала алтыншы қабаттың терезесінен құлап кеткенін хабарлады, деп жазады Qazaq Today ақпарат агенттігі.
Бүгін таңертең ересектердің қарауынсыз қалған 2018 жылы туған бала 6-қабаттағы пәтердің терезесінен құлаған.
Бала алған жарақатынан сол жерде қайтыс болды.
Бала көпқабатты үйдің терезесінен құламас үшін мына сақтық шараларын ескерген жөн:
Балаларды қараусыз қалдырмаңыз
Бала бар пәтер терезесін арнайы қорғаныс құрылғыларымен жабдықтаңыз
Баланың өзі ашып алмас үшін терезе тұтқаларын құлыптаңыз
Ешқашан москит торын қолданбаңыз, балалар оған сүйеніп құлайды.
Баланың терезеге көтерілуіне жол бермес үшін жиһаздың барлық түрлерін терезеден алыстатыңыз.