10 наурыз күні кешкісін Теміртау қаласының Металлургтер даңғылында кісі өлімі болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Куәгерлердің айтуынша қаза тапқан азамат төбелесіп жатқан екі жігітті ажыратпақ болған. Бірақ жігіттердің біреуі ашуланып, пышағын суырып алып шығып, сұғып алған. 44 жастағы азамат сол жерде көз жұмған.
Қарағанды облысының Полиция департаменті ақпаратты растады. 27 жастағы күдікті ұсталған. Алдын-ала дерек бойынша ол мас болған.
Қазір қылмыстық іс қозғалған, тергеу жүріп жатыр.