Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Астанаға келді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
«ВКонтакте» әлеуметтік желісінің негізін қалаушы және Telegram мессенджері Павел Дуров Қазақстанға 27 маусымда келген.
Желіде Павел Дуров эскалаторға мінген бейне пайда болды. Telegram негізін қалаушы Астанадағы Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің кеңсесіне барды.
Бұған дейін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев 2024 жылғы 18 маусымда Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Павел Дуровты Қазақстанға шақырғанын хабарлаған болатын.