Бұзақылық әрекеті үшін ұсталған әнші Қайрат Нұртастың соты өтіп жатыр. Әнші соттан өзін айыппұл арқылы жазалауды сұрады, деп хабарлайды Qazaq Today агенттігі.
Сот процесінен видеолар тарады. Сот шешімі түстен кейін шығатын болды.
«Айыбымды мойындаймын. Мені жазалайтын болсаңыздар тек қана айыппұлмен жазалаңыздар.Себебі алдымда қаншама жоспарлап қойған концерттер мен тойларым бар. Мені айыппұлмен жазалаңыздар құрметті сот басшысы’, — деді сотта жауап берген әнші.
Сот процесіне әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова да онлайн қатысып отыр.
41