«Теңізшевройл» (ТШО) нысандарының бірінде құрамында күкіртсутегі бар газ атқылады, деп хабарлайды Qazaq.today.
Мердігер компанияның екі қызметкері уланып, ауруханаға жеткізілгені белгілі болды. Zhest_kz Telegram каналының жазуынша, Төтенше жағдай 8 наурызда КТЛ-2,3 (5-ші желі) ауданындағы газ өңдеу зауытында (ГӨЗ) болды. Алдын ала мәлімет бойынша, сепаратордың фланецті қосылымы арқылы газ ағып кеткен. Зардап шеккендер алдымен емханаға тексеруге жіберіліп, одан әрі емдеу үшін Атырауға жеткізілді.
Қауіпсіздік мақсатында мекеме қызметкерлері уақытша эвакуацияланды. Ақау жойылып, құрал-жабдықтар тексерілгеннен кейін қызметкерлер жұмысқа қайта оралып, зауыт жұмысын жалғастырды.