«Теңіз де мен сияқты шаймайтын шығар?!»: Ерке Есмахан cөзінен шатасқанын мойындады (ВИДЕО)

Белгілі әнші Ерке Есмахан жолдасы Raim-ның кешінде сөзінен жаңылысқанын мойындады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Raim-ның концертінде Ерке Есмахан сахнаға шығып, жолдасымен бірге су жаңа әнінің тұсауын кесті.

«Сен маған ұл сыйласаң… Сен маған гүл сыйласаң, мен саған ұл сыйлаймын. Бұйырса, тағы да сыйлаймын», – деді Есмахан.

Одан кейін әншінің сөзден шатасқанын көпшілік байқап, ду күлді.

Сахнада тұрған Raim әзілді іліп әкетті.

«Жүрек, үйге барып тамақ істеп қойшы, мен екі сағаттан соң барамын», – деді әнші.

Сахнада тұрып ұялғанын жасырмаған әнші жеке парақшасында бөлісті.

“Теңіздің өзі мен сияқты шаймайтын шығар?! Не енді мынау?! Үлкен сахнада тұрып, “Ұл мен гүл” деп шатасқаным ұят болды”, – деп жазды Ерке.

78