Әлеуметтік желіде танымал Оимпиада чемпионы Елдос Сметовқа пранк жасалған видео тарады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Видеода Сметовтың анасы баласы үйге кіріп келген сәттен перде салонының иесімен ұрысып тұрғандай болады. Анасы үйіндегі перделердің көңілінен шықпағанын және оларды алып кетуді сұрайды. Сол кезде Елдос қай жаққа жақтасарын білмей қалады. Анасы қайта-қайта «Ұнады ма саған» деп сұрай бастайды. Бірақ чемпион анасының көңілін қалдырмауға тырысады.
Желі қолданушылары Елдос Сметовтың бұл әрекетіне де сын келтірді.
«Таза мамасының баласы екен», «Мамасы өз айтқанына көндіріп үйреткен, өзінің ойы жоқ», «Өздерің шешіңдер деп айтпай ма?», — деді желі қолданушылары.