Фото: ОНТ
Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты ондағы қазақстандықтарға сақтық шараларын бұлжытпай орындауға кеңес берілді. Сонымен қатар Тель-Авивтегі елшілікпен үнемі байланыста болу керектігі ескертілді, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.
«Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі аясында Израильдегі Қазақстанның барлық азаматтарына күшейтілген қауіпсіздік шараларын сақтауды, қырағы әрі абай болуды, соңғы жаңалықтарды қадағалап отыруды, сондай-ақ Қазақстан елшілігімен байланыста болуды ұсынады», – делінген хабарламада.
Израильде Қазақстан Республикасының азаматтары үшін апаттық байланыс желілері жұмыс істейді.
107