Таулы Қарабақта «терроризмге қарсы іс-шаралар» басталды

Сейсенбіде Әзірбайжан Таулы Қарабақта «жергілікті сипаттағы терроризмге қарсы іс-шаралардың» басталғанын жариялады. Елдің Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде айтылғандай, олардың мақсаты — Әзірбайжан әскери қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және аймақтағы Әзірбайжан Республикасының конституциялық құрылысын қалпына келтіру, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 

«Қарабақ экономикалық ауданында кең ауқымды арандатушылықтың жолын кесу, Армения Қарулы Күштерінің құрамаларын біздің аумақтарымыздан қарусыздандыру және шығару, олардың әскери инфрақұрылымын бейтараптандыру, оккупациядан босатылған аумақтарға оралған бейбіт тұрғындардың, құрылыс-қалпына келтіру жұмыстарына тартылған азаматтық қызметшілердің және біздің әскери қызметшілеріміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ Әзірбайжанның Конституциялық құрылымын қайта қалпына келтіру мақсатында  жергілікті сипаттағы терроризмге қарсы іс-шаралар басталды», — делінген Әзірбайжаның Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Ведомсвтоның мәліметінше, іс-шаралар шеңберінде Әзірбайжанның қарулы күші дәлдігі жоғары қаруды қолдана отырып, Армения Қарулы Күштері құрамаларының атыс нүктелерін, сондай-ақ жауынгерлік құралдар мен әскери мақсаттағы объектілерін істен шығаруды көздеп отыр.

 

Qazaq.today