Танымал қазақ балуаны қамауға алынды

Фото: әлеуметтік желі
Танымал балуан ұсталды. Полиция Алматы облысындағы күрес түрлерінен федерация президенті Дамир Күзенбаевты ұстады, деп хабарлайды Todayinfo агенттігі.  
Полицияның хабарлауынша, 28 маусымда Дамир Күзембаев «мас күйінде қоғамдық тәртіпті бұзған».

– Заңсыз әрекеттердің жолын кесу кезінде ол балағат сөз айтып, полиция қызметкерлеріне белсенді физикалық қарсылық көрсетті. Билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылықты қолдану фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады, — делінген хабарламада.

Күзембаевтың халықаралық дәрежедегі спорт шебері деген атағы бар.