Дін маманы, PhD доктор, Нұр-Мубарак Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры Қайрат Құрманбаев әлеуметтік желіге Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасында және Нұр-Мүбарак діни оқу орнында болып жатқан былықтын бетін ашты, деп хабарлайды Qazaq.today.
«МҮФТИГЕ ЖАРЫМАЙ ӨТЕМІЗ-АУ!
Алғаш жұмысқа келген күннен “көкеміз”болмаған соң ба, бірін-бірі атуға оқ таппай жүрген мүфтисымақтардың қысымына әрең шыдап, іштей тынған едік. Енді “мүфтиге жарыдық па?” дегенде, жылдар бойы істеген жұмыстарымызды “менің атымнан жасамадың”, яғни “жағымпазданбадың” деп шаршатса да, “діннің абыройы” деп артын жабумен келген муфти (ат) аты бар да, заты жоқ құрылтайшылығын халықаралық жарғыға қарамай, “оңтайлы” пайдаланып жатыр. (Жарғыны кейін салармын).
Қаншама жыл оқу корпусы мен жатақхана жетпей, алғашқы кезде айлыққа қаражат таппай қиналып жүргенде құрылтайшылығы қайда қалды екен? Осыншама қиындықтарды ұжымның ұйымшылдығымен еңсеріп, елеулі жетістіктерге жеткенімізді, қызғаныштан өзектері өртенсе де, мойындайды.
Түн демей, күн демей, жоқтан бар жасап, салып жатқан жаңа оқу ғимаратына көмек сұрап жүз барсақ та, опасыздармен ауызжаласып, керісінше, атқарып жатқан жұмысымызды көреалмаушылықтан көздері байланып, бір жыл (2022-2023 жж) тоқтатқан да осылар! Қарқынды жүріп жатқан құрылысты қарадай қызғанып, өзінің емес, “басқа біреудің қолымен бітетін болды” деп жаны шығып, ақыры дегеніне жетті. Енді міне “дайын асқа тік қасық” боп өздері келмекші.
Өресі өсектен аса алмайтын, сөзінде тұрмайтын, өзінің түк позициясы жоқ адам дінді қайдан көктетеді. Қол астындағы бір имамынан (басқаларды айтпай-ақ қояйын) мүфтиіне қатысты жақсы сөз естімесек те, діннің абыройы үшін мүфтиді қорғаштаймыз деп қанша досқа дұшпан болдық.
“Сенген қойым сен болсаң, күйсегеніңді қайтейін”…
НҰР-МҮБАРАК УНИВЕРСИТЕТІН АБЫРОЙДАН ЖҰРДАЙ МУФТИ (АТ) ДІҢ (ТЫҢ) ЫҚПАЛЫНАН ҚҰТҚАРМАЙ, ДІН ҒЫЛЫМЫ КӨГЕРМЕЙДІ» деп жазды маман.