Фото: m24.ru
Танымал ресейлік видеоблогер Гусейн Гасановқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, оған федералдық іздеу жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы El.kz-ке сілтеме жасап.
РФ ІІМ іздеу базасының картасында былай жазылған:
Гусейн Гасанов … 05.04.1996 … іздеу себебі: Қылмыстық кодекс бабы бойынша іздеуде.
Мәскеудің Чертанов аудандық соты Гасановты сырттай қамауға алу жөнінде санкция берді. Оған аса ірі көлемде қаржы заңдастыру (ақша жылыстату) айыбы тағылып отыр.
Сот тергеушінің сырттай қамауға алу туралы өтінішін қанағаттандырды, – деп мәлімдеді сот өкілдері.
Соттың мәліметінше, блогерге ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының 4-бөлігі (аса ірі көлемде ақшаны заңдастыру) бойынша айып тағылған. Бұл бап бойынша жаза жеті жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.
Ресейдің Тергеу комитетінің мәліметінше, Гасановқа халықаралық іздеу де жарияланған. Тергеу нұсқасы бойынша, 2019-2021 жылдары блогер 170 миллион рубль салық төлемеген және соның 20 миллионын түрлі қаржылық операциялар арқылы заңдастырып алған. Тергеу органдары күдіктінің шетелге қашып кеткенін хабарлады.
Гасанов — Instagram желісінде 30,1 миллионнан астам оқырманы бар танымал видеоблогер, сондай-ақ «Миллионердің ойлауы» атты курстың авторы. Оның YouTube-арнасында 1,37 миллион жазылушысы бар.