Танымал айтыскер ақын пара алып, 6 жылға сотталды

Фото: Gov.kz

Ұлытау облысында екі мемлекеттік мекеменің басшысы сотталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Жезқазған қалалық соты Ұлытау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығының басшыларына қатысты үкім шығарды.

Олар облыс аумағындағы ежелгі қорымдардағы археологиялық қазбалар жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарты бойынша актілерге қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін мердігер ұйым өкілімен сөз байласып, 2 млн теңге көлемінде пара алған.

Сот үкімімен осы мемлекеттік мекемелердің басшыларына әрқайсысына 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Мәдени мұраны зерттеу және сақтау орталығы» ЖШС мердігер компаниясының өкіліне 3,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді.

Барлық сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады.