Талғар ауруханасында дәрігерлерді соққыға жыққан екі азамат ұсталды (видео)

Алматы облысының полицейлері Талғар ауруханасында дәрігер мен медбикені соққыға жыққан екі күдіктіні ұстады. Олар қамауға алынды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.  19 қыркүйек күні сағат 10:35-те полицияға Талғар орталық аудандық ауруханасында белгісіз біреулер 27 жастағы реаниматолог пен 21 жастағы медицина қызметкерін ұрып-соққаны туралы хабарлама келіп түскен.

«Аталған факті ҚР ҚК 106-бабы 2-бөлігі бойынша аудандық ІІБ ТЖК-не тіркеліп, жедел іздестіру іс-шаралары барысында Талғар ауданы әкімдігінің қызметкерлері 1987 жылы туған Ш-ны және 1994 жылы туған Н-ны анықтап, ұстады. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуді қамтамасыз ету мақсатында сараптама тағайындалды», — деді Алматы облыстық полиция департаментінің басқарма басшысы Бауыржан Әленов.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сай басқа ақпарат жарияланбайды.

Әкесі ауруханада қайтыс болған соң дәрігерлерді ұрып-соққан — YouTube