Эксклюзивті мазмұн:

Қытай Ресейге ескерту жасады

Қытай басшылығы Батыс елдеріне ядролық қару қолдану жөнінде қоқан-лоққы...

Бір жыл бұрын Байзақтағы жарылыста із-түзсіз кеткен әскери қызметшінің сүйегі табылды

Жамбыл облысындағы 28349 әскери бөлімі өрт сөндіру бөлімінің командирі,...

«Ауыз өзімдікі деп адамдар айта береді, «обедке» асығып тұрмын»: шағымға Іле ауданы әкімдігінің жауабы

Алматы облысының елді мекендеріндегі жолдар қардан, мұздан мүлдем тазаланбайды....

Талғар ауданында салынғанына небәрі 22 жыл ғана болған мектеп құлауға шақ тұр

Талғар ауданына қарасты Кеңдала ауылында 500 орындық мектеп құлаудың аз-ақ алдында тұр. Салынғалы жөндеу көрмеген ғимарат адам шошырлық күйге түскен, деп хабарлайды Qazaq.Today Алматы арнасына сілтеме жасап. Мектеп 2000 жылы балабақша ретінде ашылған. Одан бергі 22 жылда бірде-бір рет жөндеу көрмеген оқу ғимараты қазір аса қауіпті жағдайда. Қабырғалары көгерген, парталары ескі, едені де шіріп кеткен, шұрық-тесік.

Мектептің бастауыш және жоғарғы сынып оқушылары оқитын екі ғимараты бар. Екеуінің де күйі – осы. Бар көрген жөндеуі – жылда мұғалімдер қалтасынан шыққан ақшаға жасалатын жұмыстар ғана. «Қазір тұрғындар да балаларын мұнда оқытқысы келмейді, алыс та болса, ауыл сыртындағы мектепке барады» дейді қызметкерлер. Көрініп-ақ тұр, бір сыныпта ең көбі 15 оқушы отырады, ал соңғы 2 жылда тіпті, мектептен түлек түлеп ұшпапты.

«Негізі екі мәселе бар. Ең бірінші, осы мектебімізді биыл күрделі жөндеуден өткізсек дейміз. Екінші мәселе, егер күрделі жөндеуден өткізбейтін болса, онда жаңа мектеп салу керек», – деді №38 жалпы білім беретін орта мектептің мұғалімі Мұрат Шұлғаубаев.

«Бұл не қылған қозғалмайтын мәселе? Неге басқа мектептерге көңіл бөледі, ал осы мектепке келгенде ақша жетпейді дейді? Ақша қайда кетіп жатыр?» – дейді ата-ана Гүлнар Бекбосынова.

Ақша демекші, 2020 жылғы сметалық құжатта дәл осы мектептің жағдайын жақсарту үшін 8 млн 626 мың 950 теңге бөлінгені туралы ақпар бар. Бірақ мұндағылар «жөндеу жүргізбек түгілі, жағдайды көруге ешкім келмеді» дейді.

«2021 жылы мектеп директорымен бірге тағы жүгірдік. Аудандық білім бөлімі барлық құжаты дайындадық деді. Бірақ онда да нәтиже жоқ. Енді біз түсінбейтін нәрсе: 22 жылдан бері тұрған мектеп неге әлі жөндеу көрмеді? Мен жүгіріп жүрген 4 жылда неге кейінге шегере берді?» – дейді №38 жалпы білім беретін орта мектептің мұғалімі Ғабит Дайынов.

Бүгінге дейін әкімдердің уәдесін ғана алып келген мектеп қызметкерлері «енді тіпті, бір ауыз жауап есту бұйырмай жүр» дейді. Әкімдікке бардық. Аталған мәселеге қатысты аудан басшысы ештеңе айтпағанымен, білім бөлімі пікір білдірді.

«2022 жылдың 18 қаңтарында 756 млн 410 мың теңгеге бюджеттік өтінім берілді. Енді мәслихат 2022 жылдың наурыз айында өтеді деп болжап отырмыз. Қаражат бөлген жағдайда бір-бірден конкурс беретін боламыз», – деді Талғар аудандық білім бөлімінің басшысы Қарлыға Сәдуақасова.

«Жергілікті билік өкілдерінің назарын аудара алмағанымызбен, министрдің өзі тікелей жауап берді» дейді мұғалім. Елдің Білім және ғылым министрлігі жолдаған хатта бюджеттік өтінімнің облыстық комиссияға ұсынылғаны жазылған. Қалай болғанда да, ширек ғасырға жуық шешілмеген мәселеге осы наурызда нүкте қойылады деп сенеді көпшілік.

 

Соңғы

Байзақтағы жарылыста із-түзсіз жоғалған сержанттың сүйегі табылды

Байзақ ауданындағы әскери қоймадағы жарылыс кезінде із-түзсіз жоғалып кеткен...

Қытай Ресейге ескерту жасады

Қытай басшылығы Батыс елдеріне ядролық қару қолдану жөнінде қоқан-лоққы...

Бір жыл бұрын Байзақтағы жарылыста із-түзсіз кеткен әскери қызметшінің сүйегі табылды

Жамбыл облысындағы 28349 әскери бөлімі өрт сөндіру бөлімінің командирі,...

«Ауыз өзімдікі деп адамдар айта береді, «обедке» асығып тұрмын»: шағымға Іле ауданы әкімдігінің жауабы

Алматы облысының елді мекендеріндегі жолдар қардан, мұздан мүлдем тазаланбайды....

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Байзақтағы жарылыста із-түзсіз жоғалған сержанттың сүйегі табылды

Байзақ ауданындағы әскери қоймадағы жарылыс кезінде із-түзсіз жоғалып кеткен сержанттың денесі табылды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.  Жамбыл облысындағы №28349 әскери бөлімі өрт сөндіру қызметінің...

Қытай Ресейге ескерту жасады

Қытай басшылығы Батыс елдеріне ядролық қару қолдану жөнінде қоқан-лоққы жасап жатқан Ресейге қатаң ескерту жасады. Бұл туралы The Moskow News хабарлады. «Осы ескертуден кейін Ресей жоғары басшылығының...

Бір жыл бұрын Байзақтағы жарылыста із-түзсіз кеткен әскери қызметшінің сүйегі табылды

Жамбыл облысындағы 28349 әскери бөлімі өрт сөндіру бөлімінің командирі, кіші сержант Бауыржан Дәуітбаевтың сүйегі табылды, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. Іздеу жұмыстары...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here