Талдықорғандағы жабайы базарлар мәселесі оң шешімін тапты

Талдықорғанды жабайы базар жайлаған. Қала орталығында белгіленбеген жерлерде  жайма базар мен жабайы сауданы қыздырып отырған кәсіпкерлер көп. Ақын Сара, Гаухар ана, Шевченко және Құрманов көшелерінің бойындағы саудагерлерді қала әкімдігі тоқтата алмай отыр. Жылдар бойы шешімі табылмаған мәселенің күрмеуін тарқату үшін талай жұмыс атқарылды, алайда нәтежиесі шамалы. Бұл туралы Qazaq.Today ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әкімдік мүдделі мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер  арасындағы жабайы сауданы жою мақсатында өзара ынтымақтастық туралы келісімге келген. Сонымен қатар, келісімдер аясында сауда үйлерінен жалдау ақысын жеңілдете отырып орындар ұсынылды және коммуналдық базарда орын тегін берілген.

«Заңсыз сауда жасайтын саудагерлерге сауда орындарының балама нұсқалары ұсынылды. Бірақ саудагерлер бас тартты,  жергілікті атқарушы органның ұсыныстарынан сауда жасау үшін қаланың орталық бөлігіндегі бір көшені беруді талап етті. Осыған байланысты 2022 жылғы 29 наурызда мемлекеттік органдардың қатысуымен стихиялық сауда мәселесін шешу бойынша көшпелі кеңес өткізілді»,- деді Талдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаев.

Шаһар басшысының айтуынша, ағымдағы жылдың 5 мамырында Біржан сал, Ақын Сара, Шевченко көшелерінде орналасқан сауда үйлерінің басшыларымен кездесу өткізілген. Кездесу барысында сауда үйлерінің сәулеттік келбеті, іргелес аумақтың тазалығы және жаяу жүргіншілердің қозғалысын жауып тұратын заңсыз жапсарлас құрылыстар мәселелері талқыланған.

Айта кетерлігі бүгінде барлық мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерін қоса отырып, стихиялық сауданы жою жөніндегі жұмыс тобы жаңартылды және іс-шаралар жоспары бекітілді.

Биыл мамырдың 11-нен бастап «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР заңына сәйкес сауда объектілерінің қасбеттік бөлігін ретке келтіру мәселесін шешпек.

Соңғы

Смайылов тағы да Премьер-министр болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-министрі етіп...

Ақтөбеде өзен суы көтеріліп, адамдар эвакуацияланып жатыр

Ақтөбе қаласы Қарғалы өзенінде судың деңгейі көтеріліп, адамдар қауіпсіз...

Түркістанда жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы...

Күдебаев сотқа мәжбүрлеп әкелінеді

Алматы облысы Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевқа қатысты қылмыстық...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Смайылов тағы да Премьер-министр болып тағайындалды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-министрі етіп тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Qazaq.today Azattyq Ruhy -на сілтеме жасап. «Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасының...

Ақтөбеде өзен суы көтеріліп, адамдар эвакуацияланып жатыр

Ақтөбе қаласы Қарғалы өзенінде судың деңгейі көтеріліп, адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq.uni-не сілтеме жасап. Ақтөбе аумағында орналасқан Қарғалы, Күншуақ, Мұнайшы бау-бақша...

Түркістанда жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы қыз өлі табылды, - деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтема жасап. Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметіне...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here