Талдықорғанда экс-шенеунік 300 млн теңге бюджет қаржысын «жеп қойған»

Алматы облыстық сотында Талдықорған қаласының құрылыс бөлімінің бұрынғы бастығына 300 млн теңгеден астам мемлекеттік қаражатты ұрлағаны үшін жаза тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy сілтеме жасаған Qazaq.today ақпараттық агенттігі.

Облыс прокуратурасыменен қабылданған шаралардың нәтижесінде Алматы облыстық сотында «Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі» ММ бұрынғы бастығы С. Дәрменовқа қатысты айыптау үкімі шықты.

«2021 жылы Талдықорған қалалық сотымен «МК-Buid-Д» ЖШС басшылары Қ. Меңлібаев, А. Қосмамбетов мемлекеттік қаражатты аса ірі мөлшерде иемденгені үшін кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айырудың ұзақ мерзіміне сотталды, ал ақша қаражатын аудару туралы құжаттарға қол қойған «Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі» ММ басшысы С. Дәрменов аса ірі мөлшерде залал келтіргені есепке алынбай лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланғаны үшін ғана кінәлі деп танылып, 1 жыл бас бостандығын шектеу жазасына сотты болды. Олардың әрекетінің салдарынан мемлекетке 300 миллион теңгеден астам сомаға аса ірі мөлшерде залал келтірілді», – делінген облыстық прокуратура хабарламасында.

Сондай-ақ облыс прокуратурасының бастамасымен Бас Прокурор Жоғарғы Сотқа кассациялық наразылық енгізіп, ол толық көлемде қанағаттандырылды және С. Дәрменовқа қатысты бастапқы үкімнің күші жойылып, қылмыстық іс облыстық соттың жаңа қарауына жолданды.

«Жаңа қарау кезінде Алматы облыстық соты С. Дәрменовты ҚК 28-бабының 5-бөлігі, 189-бөлігі 4-тармағы 2-тармағымен кінәлі деп танып, яғни сеніп тапсырылған бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлауға жәрдемдесу және мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – делінген хабарламада.

Соңғы

Рыбакина жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетті

Елена Рыбакина Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін теннисшілеріне қаржыдай қолдау...

Алматыда жанжалдасқан жүргізушілердің бірі қару қолданды

Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп,...

Серік Күдебаевтың соты кейінге қалдырылды

Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот...

Бірмандатты депутаттар анықталды: Сайлауда ең көп дауыс жинаған кім?

Бірмандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаты кімдер болатыны анықталды. Орталық...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Рыбакина жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетті

Елена Рыбакина Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін теннисшілеріне қаржыдай қолдау көрсетті, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 2022 жылғы Уимблдон турниріндегі жеңісінен кейін теннистен Қазақстан...

Алматыда жанжалдасқан жүргізушілердің бірі қару қолданды

Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп, нәтижесінде қару қолданған, - деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.  Toyota Estima жүргізушісі оқ атқан сәт...

Серік Күдебаевтың соты кейінге қалдырылды

Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот процесі кейінге қалды, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq Uni-не сілтеме жасап. Бұл туралы Жетісу облысы сотының баспасөз...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here