Талдықорған қаласының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуын қамтамасыз ету сомасын уақтылы қайтармаған 22 кәсіпкердің құқықтарын қорғады, деп хабарлайды Qazaq.today.
Атап айтқанда, Талдықорған қаласының әкімдігі мердігерлермен өз міндеттемелерін толық орындауына қарамастан, ұзақ уақыт бойы 22 мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша шарттардың орындалуын қамтамасыз ету ретінде енгізілген ақшалай қаражатты қайтару бағытында шара қабылдамаған.
Прокурордың кадағалау актісінің негізінде жалпы сомасы 38 млн теңгеден астам ақшалай қаражат кәсіпкерлерге қайтарылды
Сонымен қатар, прокуратура жанынан Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топ жұмыс істейтінін еске саламыз.
Егер сіз заңсыз тексеруге, сіздің қызметіңізге араласуға немесе мемлекеттік органдар тарапынан қысымға тап болсаңыз, тәулік бойы жұмыс істейтін сенім телефонына (+7-701-131-04-44) дереу хабарласуыңызды сұраймыз
Qazaq.today