Талдықорғанда өзен жағасынан қалалық білім басқармасының бұрынғы басшысы Роза Барманованың мәйіті табылды, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап.
Әйелдің денесін жергілікті балықшылар тауып алған.
«Әйел адамның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Мүрде Қаратал өзенінің маңынан табылған. Аталған факті қалалық полицияға тіркелді. Қажетті сот-медициналық сараптама тағайындалды», — делінген Жетісу облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
Айта кетейік, Роза Бармановадан кейін Талдықорған қалалық білім саласын 2016-2022 жылдары басқарды. Одан кейін басқарма басшысы қызметін Жандос Жолдыханов атқарды. 2023 жылдың 27 сәуірінде ол 280 млн теңге пара алды деген күдікпен ұсталды.
Qazaq.today