Талғардағы жасөспірімнің өлімі: полиция бейнебақылау камерасына қатысты мәлімдеме жасады

Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында Талғар ауданындағы қайғылы оқиға болған жерден бейнебақылау камераларының жазбалары өшірілді деген жалған ақпарат тарауда, деп хабарлады Qazaq Today ақпарат порталы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде барлық қолда бар бейнежазбалар полиция тарапынан тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына заттай дәлел ретінде тіркелгенін хабарлаймыз», — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта тергеу барысында барлық бейнежазбалар зерттеліп, оқиғаға қатысушылардың әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады.

Бейненің бар екендігі туралы ақпаратты растау ретінде постқа скриншот қоса берілді.