Талғарда кісі қолынан қаза тапқан 16 жастағы Шерзат Полаттың үйін кім өртегені әлі белгісіз. Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев тергеу әлі жүріп жатқанын, күдіктілер табылмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Сенат кулуарында журналистер Шыңдалиевтен марқұм Шерзат Полаттың үйін қасақана өртеу ісі бойынша тергеу қалай жүріп жатқанын сұрады.
«Менің білуімше, сотқа дейінгі тергеу әлі жалғасып жатыр. Бірақ істің қандай нәтижеге апаратынын айта алмаймын»,- деді бас прокурордың орынбасары.
Журналистің «Яғни, үйді өртеген күдіктілер әлі табылған жоқ, солай ма?» деген сұрағына:
«Әзірге жоқ. Менде мұндай ақпарат жоқ», — деп нақтылады Шыңдалиев.