Фото: Алматы облыстық полиция департаменті
Алматы облысының полицейлері уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен күдіктіні табу үшін қазақстандықтардан көмек сұрады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Зорлық бойынша күдіктінің кім екені анықталды.
«Алматы облысының полиция департаменті уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен Қалмырзаев Бекарыс Сәбитұлын іздестіріп жатыр. Ол 26 жаста, 30.05.1998 ж.т., Талғар ауданы, Тереңқара ауылы, Новостройка көшесі, 216 үй тұрғыны.
Іздеудегі адам туралы мәлімет болса, дереу полицияға мына телефондар арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз: +7 727 727 90 44, +7 777 427 2915, +7 778 900 02 55 немесе 102», – делінген хабарламада.
58