ФОТО: Polisia.kz
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Талғарда тергеу изоляторынан қашып кеткен күдіктіге қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
«Бұл мәселемен айналысып жатырмыз, күдіктіні іздеп жатырмыз, оны ұстаймыз. Қазір оны іздеу оңай емес. Барлық шара қабылданды. Қызметтік тексеру жүргізудеміз. Барлығы жазаланады. Салғырттық дерегі бойынша іс қозғалды. Кінәлілер жазаға тартылатын болады», — деді Игорь Лепеха Мәжіліс кулуарында
Айта кету керек, осыған дейін Талғарда күдікті тергеу изоляторынан қашып кеткенін жазған болатынбыз.
34