Әлеуметтік желіде Талғар ауданындағы кафелердің бірінің алдында атыс болғаны туралы ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Видео авторы: «Ауылдастар, Талғарға барсаңыздар, басқа жолмен жүргендеріңіз жөн. «Бастау» кафесінің алдында атыс болды, көліктерді тоқтатып, тексеріп жатыр, жол жабық», – деп ескертеді.
Белгілі болғандай, «Бастау» кафесі Талғар тас жолында, Тұздыбастау ауылында орналасқан. Жолда бірнеше патрульдік полиция көліктері тұрғаны байқалады.
Алматы облысының Полиция департаменті оқиға бойынша былай деп хабарлады: «Бұзақылық фактісі негізінде қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысқандардың барлығы полицияға жеткізілді, зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда».