Фото: 191 Emergency Centre via Wassayos Ngamkham
Таиландтың Пхетчабури провинциясында, Сиам шығанағына жақын маңда жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады. Бұл оқиға 19 сәуір күні таңғы 8:15 шамасында тіркелген, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Ұшақ Хуахин әуежайынан ұшып шығып, парашютпен секіруге арналған жаттығу рейсін орындау барысында құлаған. Апат Baby Grande Hua Hin қонақүйі маңында, жағажайға жақын аумақта болған.
Бортта болған алты адамның бесеуі оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір адам түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті. DHC-6-400 Twin Otter үлгісіндегі ұшақтың нақты не себептен құлағаны әзірге белгісіз.
Жергілікті билік пен құтқарушылар оқиға орнына дереу жетіп, апатқа қатысты тергеу бастады.