Таиландта ұшақ құлап, бес адам қаза тапты

Бұл туралы Бангкоктағы Қытай елшілігіне сілтеме жасай отырып, ТАСС хабарлайды, деп жазады Qazaq Today ақпарат агенттігі. 

Агенттік хабарлағандай, TFT 209 ішкі чартерлік рейсін орындаған Cessna Caravan C208 мангр орманына құлады. Бортта екі ұшқыш пен жеті жолаушы болды.

Таиландтың азаматтық авиация басқармасының мәліметі бойынша, Thai Flying Service авиакомпаниясына рейс жасаған әуе кемесі әуе қозғалысын басқару орталығымен байланысын үзіп, Бангкок халықаралық әуежайынан шыққаннан кейін радардан жоғалып кетті.

Іздеу-құтқару операциясы жүргізілуде.