Эксклюзивті мазмұн:

Талдықорғанда экс-шенеунік 300 млн теңге бюджет қаржысын «жеп қойған»

Алматы облыстық сотында Талдықорған қаласының құрылыс бөлімінің бұрынғы бастығына...

Таразда студенттерден ақша талап еткен ЖОО оқытушысы ұсталды

Таразда студенттерден пара алған жоғары оқу орнының оқытушысы ұсталды,...

Өткен жылы Қазақстанға келген шетелдік туристер саны үш есе өскен

2022 жылы Қазақстанға келген шетелдік туристер саны 3 есе...

Тағылған айыпты мойындамаймыз – Серік Күдебаев

Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы бастығы генерал-майор Серік Күдебаевтың ісі бойынша Талдықорғанда кезекті сот процесі өтті. Қылмыстық істі судья Абдилла Үмбетай жүргізіп жатыр. Бес сағатқа созылған сот процесіне БАҚ өкілдері мен өзге де қатысушылар көп қатысты. Алайда судья кезекті сот отырысына куәгер ретінде шақырылған адамдардың сөзін құпия санағандықтан сот барысында журналистер мен қатысушыларды залдан бірнеше рет шығарып жіберді. Сот жартылай жабық, жартылай ашық жағдайда өтті. Жауапкер де, адвокат пен куәгерлер де сот ғимаратының дәлізіне шығып пікір білдірді. Айыпталушы Серік Күдебаев та сот дәлізінде БАҚ өкілдерінің бірнеше сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy сілтеме жасаған Qazaq.today ақпараттық агенттігі. 

– Серік Мырзақұлұлы, өтіп жатқан сот процесі, жауап берген куәгерлер жайлы қандай пікір білдіресіз?

– Сот процесін бағалай алмаймын, өмірімде бірінші рет сотқа қатысып жатырмын. Сотқа баға бергенім дұрыс болмайтын шығар деп ойлаймын. Тағылған айыптарды мойындамаймыз. Қылмыстық іспен таныстырғанда келіспейтінімізді біз жаздық. Қылмыстық құрам болмағандықтан қысқартуын сұрадық. Департаментті тастап кетті деген мен туралы видео – үшінші қабаттағы көрініс, бірінші қабаттан шығып бара жатқан видео емес. Ол қаңтардың 27-сі күні болған оқиға. Үшінші қабаттан далаға шыға алмайсың. Олар мені далаға шығып бара жатыр деп көрсетті ғой. Ол нақты 5 қаңтардағы видео емес.

– Сотта сіз өзіңіздің де, қызметкерлердің де таяқ жегенін бірнеше рет айттыңыз. Департаменттің басшысы нақты қай уақытта соққының астында қалды?

– 5 қаңтар күні кешке халық көбейіп, бізді жан-жақтан қыспаққа алды. Халықтың саны менің ойымша 6-7 мыңға жетті. Олар әкімдіктің алдындағы брусчатканы алып лақтыра бастады. Бір қызметкерімді төрт-бес адам ұрып жатыр екен. Ана жігіт өлетін болған соң оған қаш деп, шығарып жібердім. Бірақ сол орында өзім қалып қойдым. Сол кезде командирдің орынбасары «не істеп тұрсың, өлтіреді» деп мені суырып алды. Сонда басыма үш жерден соққы тиді. Ал аяғыма қай уақытта соққы тигенін де білмеймін. Департаментке келгенде аяғымнан қан ағып, екі-үш жерден жараланғанымды көрдім.

– Өзге облыстағы мемлекеттік мекемелердің басшылары сияқты сіз де ғимаратты тастап кеттіңіз ғой. Сол кездегі облыс әкімі де Талдықорғандағы облыстық әкімдіктен кетіп қалды. Нағыз сын сәтте неліктен мұндай қадамға бардыңыз?

– Мен ол кезде тек Талдықорғанда ғана емес, облыстағы тәртіпке жауапты болдым. Қаскелеңде арнайы жасақтың 70 пайызы болды. Алматының маңында, Алтын Орда жақта да тәртіпсіздіктер болды. Сол кезде байланыс болмағандықтан өз қызметкерлерімді алып келу үшін кеттім. Келіп осында тәртіп орнатуға кірістік.

– Сізге бірнеше бап бойынша айып тағылған. Соның бірі – қаңтар оқиғасы кезінде қарамағыңыздағы қызметкерлерге полиция департаментіндегі жұмыс орнынан кетуге бұйрық бергеніңіз үшін. Сіз осыған жауап ретінде қару қолдануға рұқсат бермедім, ғимаратқа келген адамдарға күш қолданбадық дегіңіз келеді. Дегенмен бұл сөзіңіз қаңтар оқиғасы кезінде жұмыс орныңызды тастап кеткен әрекетіңізді қаншалықты ақтап ала алады?

– Митингке шыққандардың алдыңғы қатарында балалар, әйелдер болды. Артқы жағындағы адамдар «сендерді атсын» деп айғайлап жатты. Олар төртінші-бесінші қабаттан ғана көрінеді. Құқық қорғау органдарына қатысты заңның 61-тармағында да жазылып тұр. Әйелдер, мүгедектер, жас балалардың қолында қару-жарақ болмаса, оқ атпаса, қарсы қару қолдануға болмайды. Конституцияда да адамның өмірі ең құнды деп жазылған.

Сол кезде қарамағымдағы қызметкерлерімнің 70-80 пайызы түрлі жарақат алып, қабырғасы, жағы сынған. Олар сол кезде ашулы, өздерін әрең ұстады. Мен олармен сөйлесіп жүрдім ғой, егер (оқ атуға-ред) рұқсат бергенімде 300-500 адам мерт болар еді. Ондай жағдайда не болар еді?! Бәріміздің бала-шағамыз бар. Ол жерде митингке шыққандардан бөлек өтіп бара жатқан адамдар болды. Өздеріңіз көріп отырсыздар, қаншама қызметкер жауапқа тартылып жатыр. Өз басым қарамағымдағы қызметкерлеріме алғыс айтқым келеді, қабылдаған шешімім дұрыс деп айтып жатыр. Адам өлтіріп, бәрі мен сияқты сотталар еді, жауапқа тартылар еді ол кезде. Кейін бәрі алғысын (полиция қызметкерлері – ред) айтты, мен де оларға көп-көп рахметімді айтамын. Азаптау бойынша да қылмыстық іс қозғалды ғой. Сотта көрдіңіздер, ол адамдар мені танымайды. Беттестіру де болған жоқ. Сотта да айтты оны. Мен ешкімге бұйрық берген жоқпын, ұрған жоқпын. Куәгерлер де сотта мені көрмегенін, тіптен танымайтынын айтып жатыр.

 Сөзіңізге мән берсек, оқ атуға рұқсат берсем де сотталар едік деген ой қылаң беріп тұр?

– Алматы қаласы болсын, басқа жерлерде де адам өлтіргендердің үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр ғой. Бәріміздің баламыз, анамыз бар. Бәріміз мәңілік емеспіз. Ертең әйелдер баламды өлтірдің деп жылап тұрса қайтер едік?! Біз ешкімді өлтірген жоқпыз. Баласынан айырылған адам ретінде, басымнан өткен соң білемін. Біреуді баласынан айыру, өлтіру өте ауыр, дұрыс емес. Еліміз, халқымыз, жұртымыз аман. Бүгінгі тыныштықтың өзі сол шешімге байланысты деп ойлаймын. Бәрі тыныш, жұмыс жүріп жатыр.

 Отыз жылдан астам өміріңізді осы құқық қорғау саласына арнадыңыз. Соңында қызметтің осындай жағдаймен аяқталуына өкініш бар шығар?!

– Күні-түні жұмыс істеген адаммын. Өзімді аямадым. Мен патриотпын. Қашанда болса қолымнан келгенше елге көмектестім. Тәртіп болса, ел тыныш болса, халқымыз дұрыс болса деп ойлайтын адаммын. Шынын айтсам, осындай жағдай болғаны маған ыңғайсыз, бала-шағама не деймін?!  Ұяламын. Бірақ тағы айтамын, ешкімді өлтірген жоқпыз. Халқым, елім аман, жеке құрамнан ешкім сотталып жатқан жоқ.

 Сотта сізге куәгер ретінде облыстың бұрынғы басшысы Қанат Бозымбаев қатысты. Оның айтқан сөздеріне қатысты не дер едіңіз?

– Қанат Бозымбаев жайлы ешнәрсе айтпаймын.

Айта кетейік, қаңтар оқиғасы бойынша үстінен іс қозғалған Алматы облысы ПД бұрынғы бастығына қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Осы уақытқа дейін бірқатар куәгерден жауап алынды. Кеше сот отырысына облыстың бұрынғы әкімі Қанат Бозымбаев куәгер ретінде шақырылып, екі сағаттан астам уақыт жауап алынған болатын.

Соңғы

Талдықорғанда экс-шенеунік 300 млн теңге бюджет қаржысын «жеп қойған»

Алматы облыстық сотында Талдықорған қаласының құрылыс бөлімінің бұрынғы бастығына...

Таразда студенттерден ақша талап еткен ЖОО оқытушысы ұсталды

Таразда студенттерден пара алған жоғары оқу орнының оқытушысы ұсталды,...

Өткен жылы Қазақстанға келген шетелдік туристер саны үш есе өскен

2022 жылы Қазақстанға келген шетелдік туристер саны 3 есе...

Алматылық қажылар Меккеге ұша алмай, ақшасын қайтара алмай жүр

Қажылыққа баратын 300-ден аса адам «Кәусар тревел» компаниясына алданған...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Талдықорғанда экс-шенеунік 300 млн теңге бюджет қаржысын «жеп қойған»

Алматы облыстық сотында Талдықорған қаласының құрылыс бөлімінің бұрынғы бастығына 300 млн теңгеден астам мемлекеттік қаражатты ұрлағаны үшін жаза тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy сілтеме...

Таразда студенттерден ақша талап еткен ЖОО оқытушысы ұсталды

Таразда студенттерден пара алған жоғары оқу орнының оқытушысы ұсталды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Жамбыл облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 46 жастағы аға оқытушы бұған...

Өткен жылы Қазақстанға келген шетелдік туристер саны үш есе өскен

2022 жылы Қазақстанға келген шетелдік туристер саны 3 есе өсті. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің алқа отырысында министр Асхат Оралов мәлімдеді, деп хабарлайды...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here