«Қарсылық емес, қолдау керек»: Үкімет басшысы қазақстандықтарға өтініш айтты
Су басып жатқан өңірлерде тұрғындар үйлерін тастап кеткісі келмейді екен. Жұмысты қиындатпай, әкімдіктің талабына бағыныңыздар. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов айтты, деп хабарлады Qazaq.today тілшісі. «Маған үй-жайларын тастап кеткісі келмейтін тұрғындар әрекетінің эвакуациялау жұмыстарын қиындатып жатқаны туралы айтылды. Олар су тасқынының ауыр зардаптарына сенгілері келмейді. Көріп отырғанымыздай, биыл мұндай апатты су тасқыны бұрын-соңды болмаған жерлерде…