Жаңаөзендегі мұнай сервисі компаниясының жұмысшылары ереуілге шықты
29 қаңтарда Жаңаөзенде жаңа ереуіл басталды. Бұл жолы «Кезби» мұнай сервистік компаниясының қызметкерлері өз талабын білдірді. Жұмысшылардың айтуынша, 800-ге жуық адам жиналған. Ереуілшілер бұрын жалақысын көбейтуді талап еткен, басшылық 10% үстеме ақыға келіскен. Жұмысшылар өз кірісін 50% арттыруға қол жеткізуді көздеп отыр. Тағы бір талап — жағдайға жауапты деп санайтын бірнеше басшыларды жұмыстан шығару. Жұмысшылар…