Астанадан Ақтөбеге жол тартқан: 20 тонна жұмыртқа тиеген фура аударылып қалды
Ақмола облысында «Көкшетау – Рузаевка» тас жолында көктайғақтан жұмыртқа тиелген фура аударылып қалды. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы «Көкшетау – Рузаевка» тасжолының 21-шақырымында болған. Рузаевка бағытында жүріп бара жатқан «Вольво» көлігінің жүргізушісі – 21 жастағы ақтөбелік көктайғақ салдарынан рөлге ие бола алмай қалған. Салдарынан көлік аударылды. Анықталғандай, жүргізуші Астанадан Ақтөбе қаласына 20…